2024 жылғы 26 қыркүйегінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен және ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді