Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі бұйрығына сәйкес мүгедектік мәселелері бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындауға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды.
Кеңесші болып жиырма жасқа толған, арнаулы орта немесе жоғары білімі, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде 5 жыл кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, сондай-ақ жергілікті деңгейде - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде кемінде 2 жыл тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
Кеңесші лауазымына Кандидат:
1) мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, судья;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы;
3) белгіленген заңды тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған;
4) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрған болмауға тиіс.
Кеңесші лауазымына Кандидат облыс әкімі аппаратына:
1) еркін нысандағы өтінішті;
2) оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы құжаттың, сондай-ақ оқудан өткенін, оның ішінде қысқа мерзімді курстардан өткенін куәландыратын құжаттың, оқуды аяқтау, біліктілігін арттыру туралы сертификаттың немесе куәліктің, ғылыми дәрежелер және (немесе) атақтар беру туралы құжаттың көшірмесін;
4) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді;
5) ақпараттық жүйелерден мынадай анықтамаларды талап етуге оның жазбаша келісімі арқылы алынатын соттылығының, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстарының болуы не болмауы туралы мәліметтерді ұсынады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде кеңесші лауазымына кандидат осы құжаттарды дербес қоса береді.
Құжаттарды қабылдау a.bahtybaeva@karaganda-region.gov.kz электрондық адреске 2024 жылғы «19» қыркүйектен «29» қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.