Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілерімен лудомания бойынша семинар

2024 жылғы 5 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Б.М.Макеевтің және облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекимованың төрағалығымен лудомания бойынша семинар-кеңес өткізілді.  Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-ересектерде де, балаларда да құмар ойындарға патологиялық бейімділік. Шақырылған спикерлер - Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды университетінің психология кафедрасының профессоры М.Өмірқұлова және психология кафедрасының аға оқытушысы Д.Мұхамедкәрімова, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілі А.Б.Бақшиев мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындардың салдары мен зиянын түсіндірді. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді, Әдеп жөніндегі уәкілдерге спикерлерді шақыра отырып, осы                            мәселе бойынша өз ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

 

 

Дата публикации
11 сентября 2024