«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Киселева қолдады.
Қарағанды қаласының №1 гимназиясында облысымыздың аудандары мен қалаларынан 45 ұл мен қыз «Руки матери» қоғамдық қордың өкілдерінен кеңсе тауарлары бар рюкзактар, спорттық костюмдер немесе мектеп киімдері және аяқ киім алды. Сыйлықтардың жалпы құны 1 млн. 200 мың теңгеден асты.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің атынан «Руки матери» ҚҚ басшысы Максим Перфильевке қайырымдылық қызметі үшін алғыс хат табыс етілді.
Сыйлықтар мен балмұздақтардан кейін балаларды Қарағанды қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі ұйымдастырған жағымды тосын сый күтіп тұрды - Қарағанды қаласының зоопаркіне экскурсия. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды.
Акцияны өткізуге жәрдемдескен және бұл күнді балалар үшін ұмытылмас етуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз: ауылдық аудан әкімдіктері, Білім басқармасы, Қарағанды қаласының №1 гимназиясының директоры мен ұжымы, Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Полиция департаменті.
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Акция барысында 12 000-нан астам балаға көмек көрсету жоспарлануда. Барлық бей жай қарамайтын азаматтарды балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесуге шақырамыз.








