«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

  • ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау;
  • діни қызмет;
  • қоғаммен байланыс (баспасөз қызметі).

Бақалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және smailova_ms@krg.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

2024 жылғы 26 шілде - 1 тамыз аралығында.

Дата публикации
26 июля 2024