2024 жылғы 04 - 05 шілдеде Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әбден Қарақат Жақсылыққызы келді.
Сапар барысында Қ.Әбден 2024 жылдың ақпан айында Қарағанды қаласында (Чкалов көшесі, 7) ашылған «Қарағанды қаласының отбасыларды қолдау орталығы» КММ-де болды.
Бұл мемлекеттік орталық. Орталықтың штат саны - 29 адам (әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, заңгерлер, психологтар, теолог, нарколог). Орталық ювеналды сотпен бірлескен жұмысты жүзеге асырады. Қолайсыз отбасыларды анықтау және отбасыларды тәуекел аймағынан шығару бойынша жұмыс жүргізеді.
Орталықтың қызметімен танысқаннан кейін Қ.Әбден 2024 жылғы 1 маусымда пайдалануға берілген «Кәусар» Оқушылар сарайының қызметімен танысты (Әдістемелік к-сі, 63-ғимарат) және облыстың көп балалы аналарымен, әйел көшбасшыларымен, әйелдер және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуге қатысты.
Кездесу «Ауыл» партиясының Қарағанды облыстық филиалының, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен өтті.
Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, оларды толғандыратын мәселелер: отбасыларды қолдау орталықтарының қызметі, қиын жағдайдағы отбасыларды қолдау шаралары, мемлекеттік бағдарламалар туралы түсініктемелер алды. Көп балалы аналар әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету, соның ішінде стоматологиялық қызмет көрсету, жұмыс күнін қысқарту және т. б. мәселелерін көтерді.
Іс-шараға Қарағанды облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, көп балалы әйелдер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және «Ауыл» партиясының белсенділері қатысты.
5 шілдеде Қ.Абден «Салют» балалар сауықтыру лагерінде 2-ші маусымның ашылуына қатысып, лагерь жұмысымен танысты.
«Салют» лагерінде төрт маусымда Қарағанды қаласының әлеуметтік осал отбасыларынан 7 жастан 13 жасқа дейінгі 1440 баланы тегін демалыспен қамту жоспарлануда. Лагерьде әр түрлі шығармашылық және спорттық іс-шаралар, 6 рет тамақтану, бассейн бар. Үйірме жұмыстары жүргізілуде. Орталықта жұмыс істейтін педагогтар мен қызметкерлер 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар мамандар болып табылады.
Қ. Әбден жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, лагерьді абаттандыру және эстетикалық безендіру, тәрбие жұмысын күшейту және лагерь бассейнін уақтылы тазарту бойынша ұсынымдар берді.