Түсіндірме жазба
Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының жобасына
«Қарағанды облысы әкімдігінің Регламенті туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі № 09/03 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
|
№ р/н |
Жобада көрініс табуға тиіс мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік орган-әзірлеушінің ақпараты |
|
1. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі |
|
2. |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, «Облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығы |
|
3. |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Талап етпейді |
|
4. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
Қарағанды облысы әкімдігінің қызметін оңтайландыру мақсатында заңнамаға сәйкес келтіру |
|
5. |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Жаңа құқықтық акт қабылданғанға дейін |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
«Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі №09/03 «Қарағанды облысы әкімдігінің Регламенті туралы» қаулысы» |
|
7. |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Қажет емес |
|
8. |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
«Ашық нормативтік құқықтық актілер» тақырыбына жарияланған. |
|
9. |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында жарияланған |
|
10. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
Сәйкес келеді |
|
11. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Жоқ |
Облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің басшысы Б. Ербаев
Исп. Адыханова Г.А.
' 8-7212-50-15-33 (вн.6815)