Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының 2024ж. 09.07. № 32 «2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған сайлауда жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын Ақтоғай ауданының әкіміне кандидаттың шығыстарының мөлшерін айқындау туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Комиссия төрағасы Қ. Нүркенов
Комиссия хатшысы А. Акпанова
2024 жылғы 9 шілдегі
№ 32 шешімге
1 қосымша
Ақтоғай ауданының әкіміне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері
1) теледидар, радио арқылы бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-170 000 (жүз жетпіс мың) теңге сомасында;
2) үгіт материалдарын шығару-180 000 (жүз сексен мың) теңге сомасында;
3) сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізу-40 000 (қырық мың) теңге сомасында;
4) көлік шығыстары – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында.