2024 жылғы 27 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді. Семинар жұмысына басқарма басшысы А.И. Мұқанов қатысты.