Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен:
Абай ауданының Юбилейное ауылы;
Ақтоғай ауданының Ортадересін ауылдық округі;
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылы;
Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі;
Осакаров ауданының Батпақты, Николаев ауылдық округтері;
Шет ауданының Ақой ауылдық округі
әкімдерін сайлау 2024 жылдың 4 тамызына тағайындалғанын хабарлайды.
Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы