2024 жылғы 21 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Балқаш қаласының мемлекеттік органдарының басшыларымен және қалалар мен аудандардың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында көптеген мәселелерге, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын, еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар ғимараттарында діни рәсімдер жасауға жол бермеу және қарамағындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу туралы да айтылды.