2024 жылғы 21 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Балқаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.