2024 жылғы 20 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің спикері А.И.Сүлейменовамен бірге Приозерск қаласы әкімінің орынбасарларымен және мемлекеттік органдардың басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар ғимараттарында діни рәсімдер жасауға жол бермеу және қарамағындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу туралы да айтылды.
