Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссяның бастамасымен «Біздің күшіміз – бірлікте» республикалық акциясы басталды.
17 мамырда Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Шет ауданының Красная поляна елді мекеніне барды.
Красная поляна ауылының тұрғындарына 30 тонна гуманитарлық көмек, оның ішінде 20 тонна цемент, 10 тонна азық-түлік, гигиеналық құралдар және т.б. жеткізілді.
Кәсіпкерлер, Қарағанды облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі, іскер әйелдер қауымдастығы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, жастар, еріктілер көмек жинауға қолдау көрсетті.
Өңірлік комиссия мүшелерімен бірге Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, түскен қаражатты зардап шеккен ауылдағы 2 көпбалалы отбасыларға тапсырды.
Камбар Айнұр Сайынқызы, жеке кәсіпкер, Петропавл қаласы мен Орал қаласына бірнеше рет гуманитарлық жүктерді жіберген 5 баланың анасы, бұл жолы 635 кг азық-түлік ұсынып, шетте қалмады.
Қарағанды облысының Қызыл Жарты Ай филиалы мен облыс кәсіпкерлері 20 тонна цемент сатып алуға жәрдем көрсетті.
Шет ауданына сапар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Таймырқызы Қожахметова мен өңірлік комиссияның мүшелері, психологтар, заңгерлер ауыл тұрғындарымен кездесіп, консультациялар өткізді.
Өңірлік комиссия мүшесі Букетова Нұрсұлу Ибраевна ауылдық кітапханаға өзінің «Армандар шын мәнінде. Таңғажайып әйелдің өміріндегі таңғажайып оқиғалар» кітабының 10 данасын сыйға тартты.