2024 жылғы 4 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бос әкімшілік лауазымдарға конкурстық іріктеу жүргізу, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы мәселелері, квазимемлекеттік сектор мамандарын оқыту мәселелері және жекелеген мемлекеттік органдарда қол жеткізуді басқару жүйесін (СКУД) орнату және «Е-қyzмет» ақпараттық жүйесін интеграциялау мәселелері қарастырылды. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық Әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты.