Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасында семинар

2024 жылғы 23 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Кәсіпкерлік басқармасының ұжымымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

Дата публикации
23 мая 2024