2024 жылдың 3 мамырында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың хатшылары, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен ішкі істер органдарының мамандары, қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларды қолдау орталықтары мен балаларды қолдау орталықтарының басшылары үшін «Балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті мәселелері» атты облыстық семинар өтті.
Семинарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Киселева құттықтау сөз сөйледі. Облыс әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Ғ.Карисова комиссия қызметінің проблемалық мәселелерін айтты.
Комиссия жұмысындағы жаңа тәсілдердің қажеттілігін және сотқа жіберілетін материалдарды мұқият дайындауды кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Д.Мутубаева көрсетті. Ол балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мамандардың тәжірибесінде жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді.
Адамның қадір қасиетіне қол сұғылмаушылықтың конституциялық қағидаты және Ұлттық алдын алу тетігі бойынша түсініктемелерді «Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» филиалының директоры Ю.Гусаков берді.
Комиссия, қорғаншылық және ішкі істер органдарының қызметіндегі проблемалық мәселелер мен бұзушылықтар Қазыбек би аудан прокурорын Ә.Сәрсембаеваның сөзінде атап өтілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыс тәжірибесі, практикалық әзірлемелер, жобалар туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бас маманы Г.Доброскок, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары И.Нұрмұхамбетова, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу зертханасының меңгерушісі Т.Любчанская. айтып берді.
Балалардың құқықтарын қорғау саласының мамандары проблемалық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, сондай-ақ ПД жанындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына, Қарағанды қаласының отбасыларын қолдау орталығына және Теміртау қаласының дағдарыс орталығына барды.