Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұжымымен семинар

2024 жылғы 26 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Карағанды облысының өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму  басқармасының ұжымымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
26 апреля 2024