«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы»
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі басшысының
2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 61-б бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу мен бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың бекіту туралы 3 тарауына және «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы X сессиясының № 119 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы ХІII сессиясының № 159 шешіміне сәйкес, қаржыландыру көлемінің және нәтижелер көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
аталған бұйрықтың 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қоса берілген 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары:
001 «Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары», осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
2
009 «Әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу», осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту», осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары», осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымша толықтырылсын.
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Галиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарағанды облысының қаржы
басқармасы» ММ басшысы
_______________ Л. Башарина
2024 ж. «____»___________