2024 жылғы 12 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысты. Күн тәртібіне бес мәселе қарастырылды. 2024 жылдың 1 тоқсанындағы облыстың тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері; Ақтоғай ауданы әкімінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша есебі; Балқаш қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі және т. б. мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері тыңдалды.