2024 жылғы 28 наурызда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы Б.М. Макеевпен бірлесіп «zoom» режимінде облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі бойынша жұмыстың үлгілік жоспарын орындау бойынша ұсынымдар және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде қызметті жандандыру бойынша ұсынымдар берілді.