Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінде семинар

2024 жылғы 29 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024