2024 жылғы 13 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.