2024 жылғы 18 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Бұқар Жырау ауданының кенттік және ауылдық округтердің әкімдерімен, мемлекеттік органдарының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызметтік автокөлік құралдарын жұмыс уақытынан тыс уақытта және жеке мақсатта пайдаланбау, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.