Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері Ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай Алғыс хаттармен марапатталды

Биыл ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығы атап өтілді.

Мемлекет басшысы Комиссияның гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі, отбасы институтын нығайтудағы, ана мен баланы қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Біздің облыста отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдер мен балаларды қорғау бойынша үлкен жұмысты Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия орындайды.

Облыстық комиссияның белсенді мүшелеріне ҚР Президентінің құттықтау хаты, Ұлттық комиссияның Алғыс хаты, облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

ҚР Президентінің құттықтау хаты филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Бөкетоваға табысталды.

Ұлттық комиссияның Алғыс хатын алды:

  1. облыстық комиссия төрағасының орынбасары Айжан Қиясова;
  2. академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Резвушкина;
  3. полиция подполковнигі, жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция департаменті жанындағы отбасына көмек көрсету бірыңғай орталығының басшысы Гүлбану Сәтпаева-Алпысбаева;
  4. «Мир добра» қоғамдық бірлестіктің президенті Татьяна Абрамова;
  5. «Атамекен» ҰКП жанындағы Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлия Жангирова.

 

 

 

Дата публикации
11 марта 2024