Ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы

Ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы

 

         Осы жылдың қараша айында Астанада «Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты ауыл әйелдерінің VI форумы өтті.

Форум ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Форумда Coca-Cola Belesteri жобасы байқауының 20 жеңімпазы өз ісін дамытуға 2-ден 4 мың АҚШ долларына дейінгі баламада ақшалай сыйлыққа сертификаттармен марапатталды. 

Форум - ауыл әйелдерінің әлеуетін іске асыру және дамыту үшін бірегей алаң, тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі және жаңа идеялар мен жобалар үшін бастама.

Жыл сайын осы форум біз үшін ауыл еңбеккерлерінің жаңа есімдерін ашатындығымен ерекшеленеді, олар өз еңбектерімен ауылдарымызды әдемі етеді. Біз бұл нәзік әйелдердің күшіне таң қаламыз: олар ер адамдармен қатар сәтті жұмыс істейді және бала тәрбиесімен, үй шаруашылығымен айналысуға үлгереді.

Біздің облыстан келесі делегаттар қатысты:

  1. Осипова Наталья Александровна, Қарқаралы ауданының «Арман» шаруа қожалығының басшысы;
  2. Даниярова Феруза Жеткерқызы, Бұқар Жырау ауданының жеке кәсіпкері;
  3. Смаилова Анеля Калилоллақызы, Бұқар Жырау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
  4. Мадалиева Айгуль Айтқұлқызы, Шет ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы;
  5. Икишева Бахыт Мухаметкаримқызы, Абай ауданы Южный кентінің әкімі;
  6. Арыстанбекова Ляззат Мейрамқызы, Шет ауданының «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының өкілі;
  7. Альшимбаева Әлия Ансарқызы, Нұра ауданының жастар ресурстық орталығының маманы;
  8. Жетпісбаева Алтын Имантайқызы, Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің әкімі;
  9. Елеусизова Гүлнар Метайқызы, «Aqtoǵai ajary» Ақтоғай аудандық газетінің бас редакторы, құрылтайшысы.

         Барлық делегаттар министрліктердің, форумды ұйымдастырушылардың және Аmanat партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Дәстүр бойынша форумда «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері/ауыл әйелдерінің 100 жетістік тарихы» кітабының жаңа бесінші басылымының тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар Кока-кола белестері байқауының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қатысуымен өнімдер көрме-жәрмеңкесі өтті.

 

 

Дата публикации
11 марта 2024