2024 жылдың 14 сәуіріне Қарқаралы және Шет аудандарында ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 3, 113-1-тармақтарына сәйкес Қарқаралы, Шет аудандары сайлау комиссияларының шешімдерімен:
Қарқаралы ауданының Н.Нұрмақов атындағы ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі;
Шет ауданының Тағылы ауылдық округі
әкімдерін сайлау 2024 жылдың 14 сәуірге тағайындалғанын хабарлайды.

Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 марта 2024