Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 31 наурызда Қарағанды облысында Приозерск қаласының № 7, № 10, Абай ауданының № 8, Бұқар жырау ауданының № 1, Шет аудынының № 5 сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының аясында кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссияларымен мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 15 кандидаттың барлығы тіркелді.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидат құрайды.

Тіркелген 15 кандидаттың 6-ын саяси партиялар, 9-өзін-өзі ұсынған. Оның ішінде 9 ер адам, 6 әйел адам. Кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.

8 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 7 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас – 44.

9 кандидаттың жоғары білімі, 5 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 7 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 – зейнеткер.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.

Сілтемелер:

  1. Приозерск қаласы:

- №7 сайлау округі; 

- №10 сайлау округі. 

  1. Абай ауданы. 
  2. Бұқар жырау ауданы. 
  3. Шет ауданы. 
Дата публикации
06 марта 2024