Қарағанды облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Қарағанды облысында 2024 жылғы 31 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауға Приозерск қаласының № 7, № 10, Абай ауданының № 8,  Бұқар жырау ауданының № 1, Шет аудынының № 5  сайлау округтері  бойынша  кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқаны барысында 15 кандидат ұсынылды. Оның 6-ын – саяси партиялар, 9-ы өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 9 – ер адам және 6 – әйел адам.

8 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 7 – партия қатарында жоқ.

Орташа жасы – 44 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.

9 кандидаттың жоғары, 5 – орта кәсіптік және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 7 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 – зейнеткер.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 12 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 5 наурызы сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер:

1. Приозерск қаласы:

- №7 сайлау округі; 

- №10 сайлау округі. 

2. Абай ауданы. 

3. Бұқар жырау ауданы.

4. Шет ауданы. 

Дата публикации
01 марта 2024