Отчет о реализации Плана развития Карагандинской области на 2021-2025 годы

Талдамалық жазба
 
1. Құжат шешуге бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі).
План развития Карагандинской области на 2021-2025 годы утвержден решением Х сессии Карагандинского областного маслихата № 122 от 14 декабря 2023 года.
Даму жоспарында 126 индикатор бар, оның ішінде Стратегиялық индикаторлар картасының 20 көрсеткіші, Ұлттық жобалардың 102 көрсеткіші және 4 қосымша индикатор қарастырылған. Жоспардың бөлімдері орталық мемлекеттік органдармен келісіліп, облыс әкімдігімен бекітілген.
2023 жылы 16 мақсат пен 124 нысаналы индикаторды іске асыру көзделген, оның 22-сі (17,7%) орындалмады, 33-і бойынша статистикалық және ведомстволық есептілікті ұсыну мерзімі әлі келген жоқ.
Даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 265 335,9 млн.теңге сомасына 377 іс-шара көзделген. 288 іс-шара орындалды, 47 – ішінара орындалды (есепті жыл ішінде жоспарлар орындалды, бірақ жобалар әлі аяқталмады) және 37 (9,8%) – орындалмады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер бойынша келесідей динамика байқалды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 0,8%-ға төмендеп, 5 119,6 млрд. теңгені құрады (2023 жылдың 9 айында).
6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12 айда 100,4% құрады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 97,2% деңгейінде, өңдеу өнеркәсібінде 99,8% деңгейінде қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында: қара металлургияда 2,1%-ға, жеңіл өнеркәсіпте 23,6%-ға, қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде 11,8%-ға, фармацевтикалық өнімдерді өндіруде 9,3%-ға өсуге қол жеткізілді. Азық-түлік өндірісінде 5,8%-ға, химия өнеркәсібінде 9,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарында 15,1%-ға, түсті металлургияда 10,6%-ға төмендеу байқалды.
 Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылға қарағанда 12,2% өсіммен 854,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 734,1 млрд.теңге немесе 107,7%.
2023 жылы 2,3 мың жұмыс орнын құрумен 138 млрд теңге сомасына 11 жоба іске асырылды.
Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 69,2 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 516 жаңа жұмыс орны ашылды.
 - "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір концентраты, брикет және жартылай кокс өндіру зауыты (Нұра ауданы). Құны 0,5 млрд. теңге, 100 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тонна;
- "Шұбаркөл Көмір" АҚ арнайы кокс өндіру зауыты. Құны 43 млрд. теңге, 261 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы жылына 60 мың тонна;
- "Saryopan Operating" ЖШС сарыопан кен орнындағы 1-ші сұрыпты әк өндіру зауыты. Құны 20 млрд. теңге, 105 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы жылына 300 мың тонна;
- "Sunpaper" ЖШС қағаз негізінде санитарлық-гигиеналық өнім өндіруді ұйымдастыру, құны 5,7 млрд. теңге, 50 жұмыс орны құрылды, жобалық қуаты жылына 21,4 мың тонна.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 95,8% нақты көлем индексімен 488,1 млрд. теңгені құрады.
2022 жылға қарағанда 38,6% өсіммен 515,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. 422,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2023 жылы Қарағанды облысының 14 денсаулық сақтау объектісіне жалпы сомасы 2 млрд. 852 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Материалдық-техникалық жарақтандыруға жалпы сомасы 6 млрд 829 млн. теңгеге 5627 бірлік жабдық сатып алынды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 99 190 бірлікті немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6%-ды құрады.
2023 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,2% құрады, орташа айлық жалақы 15,6%-ға өсті (2022 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда) және 367,2 мың теңгені құрады. Инфляция 111,1% деңгейінде қалыптасты.
Облыс бюджеті 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 694,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, кредиттер мен трансферттер – 58,2%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 357,2 млрд.теңге (51,5%), оның ішінде білім беруге – 251 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 21,9 млрд. теңге бағытталды.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда мемлекеттік бюджетке 632,5 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.
2023 жылғы жоспардың іске асырылуын талдау өңірді дамытудың жекелеген бағыттары бойынша 22 нысаналы индикаторға қол жеткізу қамтамасыз етілмегенін көрсетеді:
1-бағыт бойынша. Қолжетімді баспана және сапалы сенімді инфрақұрылым
1.  Жергілікті әуе желілерінің әуеайлақтарын қалпына келтіру ("Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері" ұлттық жобасының көрсеткіші) (жоспар – 1, факт - 0). Жауапты - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
 Себебі: "Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері" ұлттық жобасы аясында Қарқаралы ауданының аумағында шағын авиация әуеайлағын салу көзделген. Құрылыстың болжамды құны - 500 млн. теңге.
"Жол-көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" ЖШС жобалау ұйымы әуеайлақ құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Мемлекеттік сараптамаға жіберілген кезде теріс қорытынды алынды. ТЭН мемлекеттік сараптама жүргізу үшін "Мемсараптама" РМК-ға қайта жіберілді.
 2-бағыт бойынша: Қауіпсіз өмір сүру ортасы: қылмыс, төтенше жағдайлар, экология
         2.  Жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну (көрсеткіш ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін әлеуметтік сауал салудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 04.08.2018 ж. № 723 Жарлығы) (жоспар – 71,9%, факт – 63,9%). Жауапты - полиция департаменті.
3. ЖКО-да қаза тапқандардың деңгейі (100 мың тұрғынға шаққанда) (жоспар – 10,9%, факт-15,2%). Жауапты - полиция департаменті
Себебі: жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығу. Қарағанды облысының аумағында 409 ЖКО тіркеліп, 173 адам қаза тауып, 447 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны бойынша және оларда зардап шеккендер саны бойынша 16,9% және 8,8% (350-ден 409-ға дейін және 411-ден 447-ге дейін), ЖКО кезінде қаза тапқандар бойынша 2,3%-ға (177-ден 173-ке дейін) төмендеу байқалады. ЖКО-ның өсуі республикалық маңызы бар автожолдарды қайта құрумен байланысты. 2020 жылдан бастап қайта құрылып жатқан "Алматы-Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожол учаскелері аса қауіпті болып саналады. (56 апат, 61 адам қайтыс болды, 69 адам зардап шекті).
4. Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі  (көрсеткіш ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін әлеуметтік сауал салудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 04.08.2018 ж. № 723 Жарлығы) (жоспар – 66%, факт – 45,8%). Жауапты -  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
5.  Орманмен жабылған аумақты ұлғайту/кеңейту, оның ішінде ағаш түрлері мен отырғызу аймақтары бөлінісінде нормативтік өмір сүруді қамтамасыз ете отырып, ағаш отырғызу есебінен («Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы көрсеткіші) (жоспар – 1767,0 га, факт – 412,8 га). Жауапты -  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Себебі: ауа-райына байланысты. 2023 жылы 412,8 га жерге 972 431 дана көшет отырғызылды.
6. Халықты су тасқынынан, еріген және жаңбыр суларынан қорғау деңгейі («Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы көрсеткіші) (жоспар – 95,8%, факт – 87,5%). Жауапты – төтенше жағдайлар департаменті
3-бағыт бойынша. Сапалы әлеуметтік сала және әлеуметтік кәсіпкерлік 
7.  Халықтың мектепке дейінгі және орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі (көрсеткіш ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін әлеуметтік сауал салудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 04.08.2018 ж. № 723 Жарлығы) (жоспар – 74,3%, факт – 61,9%). Жауапты – білім басқармасы.
8.  Медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі (көрсеткіш ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін әлеуметтік сауал салудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 04.08.2018 ж. № 723 Жарлығы)  (жоспар – 73,9%, факт – 56%). Жауапты – денсаулық сақтау басқармасы. 
9. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту (жоспар – 63,4%, факт – 59,5%). Жауапты – денсаулық сақтау басқармасы. 
Себебі: жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қаржыландыру ұлғаюда, қаржыландыру көлемін "ӘМСҚ" КЕАҚ айқындайды. Ағымдағы жылы амбулаториялық деңгей көлемінің 63,4% жоспарымен 59,5% көлемінде қаржыландыру анықталды. 2023 жылға бөлінген сома 160,7 млрд. теңгені құрайды (59,5%) көрсеткішке қол жеткізу қаржыландыру көлеміне байланысты
10. Жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамтуды ұлғайту ("Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы көрсеткіші) (жоспар – 86%, факт – 83%). Жауапты – денсаулық сақтау басқармасы
Себебі: жүкті әйелдердің уақтылы емделмеуі. 
11. Жіті тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту (жергілікті бюджет қаражаты есебінен (саны) «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы көрсеткіші)) (план – 66, факт – 42). Жауапты – денсаулық сақтау басқармасы. 
Себебі: резидентураға түскен резиденттер санының азаюына байланысты.
12.  Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санын жалпы халықтың 50%-на дейін жеткізу ("Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы көрсеткіші) (жоспар – 42%, факт – 38%). Жауапты – денсаулық сақтау басқармасы. 
Себебі: бұл көрсеткіш ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына (28.03.2023 ж. ҚРҮҚ бекітілген) сәйкес өзгертілді және толықтырылды, онда республика бойынша көрсеткіш 39% құрайды. Осыған байланысты 2023 жылға арналған жоспарлы мәндерге түзету жүргізілді және ҚР ТСМ  Дене шынықтыру және спорт комитетімен 1ФК нысаны бойынша есеп статусын тапсыру кезінде 38%-ға келісілді.
 8-бағыт бойынша. Қамтылған ауыл: кооперация, индустрияландыру және цифрландыру 
    13.  Су үнемдеу технологиялары қолданылатын жерлер алаңы (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару) (жоспар – 41,573 мың га, факт – 30,3 мың га). Жауапты – ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: облыс бойынша барлығы 89,7 мың га суармалы жер бар, оның ішінде АШТӨ-ге 64,7 мың га (72,1%) бекітілген. 30,3 мың га пайдаланылуда. 2023 жылы суармалы жерлердің ауданы 4,0 мың гектарға ұлғайтылды. Азиялық даму банкінің қаражаты есебінен 30,3 мың гектар суармалы жерлерді қосымша қалпына келтіруге жоспарланған "Суармалы жерлерге арналған ирригациялық желілерді жаңғырту" жобасы қаражаттың болмауына байланысты тоқтатылды. Бүгінгі таңда АШТӨ өз қаражаты есебінен қажет болған жағдайда ирригациялық желілерді жаңғыртуды жүргізуде.
   14. Алма өндіру (Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның көрсеткіші) (жоспар – 0,64 мың тонна, факт – 0,63 мың тонна). Жауапты – ауыл шаруашылығы басқармасы.
 Себебі: облыста алма өсірумен жеке қосалқы шаруашылықтар (жазғы тұрғындар)айналысады.
   15. Шұжық өнімдерін өндіру (Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның көрсеткіші) (жоспар – 5 мың тонна, факт – 3,8 мың тонна). Жауапты – ауыл шаруашылығы басқармасы.
 Себебі: 3,76 мың тонна шұжық өндірілді, бұл жоспардан 34%-ға аз (жоспар 5,0 мың тонна). Шұжық өндірісінің төмендеуінің себебі осы өнімнің импортының артуы болып табылады.
        16.  Құс етін өндіру (тірі салмақта) (жоспар – 15,5 мың тонна, факт – 10,4 мың тонна). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
 Себебі: орындалмау құс етін өндіруге, оның ішінде жем мен ветеринарлық препараттар, биопрепараттар, ЖЖМ және электр энергиясының қымбаттауына байланысты. Құс етін өндіру өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 688,5 тоннаға немесе 7,2%-ға өсті, 10,4 мың тонна өндірілді (2022 ж. - 9,7 мың тонна).
17. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі (жоспар – 45,2 млрд.теңге, факт – 24,5 млрд.теңге). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
 Себебі: Ресейден, ҚХР-дан, Беларуссиядан әкелінген ауылшаруашылық техникаларының, қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты. Инвестициялардың НКИ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,1% құрады.
18. Тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі (жоспар – 3,4 млрд.теңге, факт – 1,7 млрд.теңге). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
 Себебі: жыл қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісіне 1,7 млрд.теңге инвестиция тартылды (жоспар 3,4 млрд. теңге).
Ресейден, ҚХР-дан, Беларуссиядан әкелінген жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты орындалмау.
9-бағыт бойынша. Халықтың шоғырлануы - дамудың қажетті шарты 
19.  Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер алғандар, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгендер саны (жоспар – 190 адам, факт – 171 адам). Жауапты – экономика басқармасы, аудандар әкімдері.
Себебі: Республикалық бюджетті түзетуді ескере отырып ("2023 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету және "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №987 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1036 Қаулысы) әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 190 маманына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 983,2 млн. теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер бөлінді.
Игерілмеу себептері: өтініш берушілердің болмауы (98 325 мың теңге) және тұрғын үйді бағалау актісі бойынша үнемдеу (13 668 мың теңге).
20. Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі ("Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері" ұлттық жобасы көрсеткіші) (жоспар – 75%, факт – 71,06%.). Жауапты – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудан әкімдері.
 Себебі: қалаларда кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жаңа жобаларды іске асырудың болмауына байланысты көрсеткіш 2022 жылғы деңгейде қалды.
21.  Жылу мен суды есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен қамтамасыз ету деңгейі (жоспар – 83%, факт – 48,7%.). Жауапты – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудан әкімдері.
Себебі: 2023 жылдың қорытындысы бойынша жылу мен суды есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен жарақтандыру фактісі 48,7%, оның ішінде жылумен жабдықтау – 62,47%, сумен жабдықтау – 35% құрады.
Қол жеткізілмеу себебі: табиғи монополиялар субъектілерінің үйге ортақ жылу мен суды есепке алу аспаптарын орнату бойынша жұмысының төмен деңгейі.
     22. ЖАО жұмысының сапасына қанағаттану деңгейі (көрсеткіш ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін әлеуметтік сауал салудың қорытындысы бойынша қалыптастырылады. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 04.08.2018 ж. № 723 Жарлығы) (жоспар – 71,3%, факт – 50,2%). Жауапты – жергілікті атқарушы органдар.
2.Бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау бойынша көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер 
 
Бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізілмеді.
 
3. Орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат
37 іс-шара орындалмады.
1-бағыт бойынша. Қолжетімді баспана және сапалы сенімді инфрақұрылым
1. Облыстың жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (жоспар – 8 жоба, РБ - 1193,3 млн. теңге, факт - 0 жоба, РБ - 1166,797 млн.теңге). Жауапты - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Себебі: кестеден артта қалуына байланысты 1 жоба бойынша 26,5 млн.теңгені игермеу. 7 жоба бойынша жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар аяқталған жоқ.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: тұрғын үй құрылысы мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігінің мерзімдерін ауыстыру.
2. Қарағанды облысы, Саран қаласында екінші су көтеруге арналған резервуар салу (ҰҚ жоспары – 310,8 млн.теңге, ҰҚ фактісі - 138,9 млн. теңге). Жауапты - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: 171,9 млн.теңгенің игерілмеуі су қоймасының астына бетон құю мүмкін еместігіне әкеп соқтырған ауа-райына байланысты. 2024 жылға ауыспалы жоба.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігінің мерзімдерін ауыстыру.
3. Ақтоғай ауданы Қармендеби ауылдық округінің Қуаныш ауылының су құбыры желілерін салу (жоспар - 2 км, ОБ - 95,7 млн. теңге, факт – 2 км, ОБ - 35,4 млн.теңге). Жауапты - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: 2023 жылы нақты орындалған жұмыстардың көлемі жоспарға сәйкес орындалды, алайда 60,3 млн. теңгенің игерілмеуі тапсырыс беруші мен бас мердігер арасындағы сот талқылауларына байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігінің мерзімдерін ауыстыру.
4. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай а. о. Үшарал а. су құбыры желілерінің құрылысы (жоспар – 3,4 км, ҰФ – 110,7 млн.теңге, ОБ – 62,5 млн. теңге, факт – 3,4 км, ҰФ -107,0 млн. теңге, ОБ - 19,8 млн. теңге). Жауапты -энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: 2023 жылы нақты орындалған жұмыстардың көлемі жоспарға сәйкес орындалды, алайда игерілмеу 49,1 млн. теңге, оның ішінде 3,7 млн.теңге (ҰҚ), 45,4 млн. теңге (ОБ) тапсырыс беруші мен бас мердігер арасындағы сот талқылауларына байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігінің мерзімдерін ауыстыру.
5. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінің Жаланаш ауылында су құбыры желілерін салу (жоспар - 3 км, ҰФ - 358,7 млн.теңге, факт -3 км, ҰФ - 277,0 млн. теңге). Жауапты - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: 2023 жылға нақты орындалған жұмыстардың көлемі жоспарға сәйкес орындалды, алайда 81,7 млн. теңгенің игерілмеуі жұмыс кестесінен артта қалуымен байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігінің мерзімдерін ауыстыру.
6. Қарқаралы қаласында ЖӘЖ әуеайлағын салу бойынша құжаттарды дайындау (жоспар – 1, факт -0). Жауапты - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Себебі: мемлекеттік сараптамаға жіберілген кезде теріс қорытынды алынды. ТЭН мемлекеттік сараптама жүргізу үшін "Мемсараптама" РМК-ға қайта жіберілді.
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: халықты көлік байланысымен қамтамасыз ету мерзімдерін ауыстыру.
7.  "Қарағанды қаласының ГорКомТранс" ЖШС қоқыс шығару техникасын сатып алу (жоспар – 6, факт -5). Жауапты - энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: техниканың қымбаттауына байланысты 5 бірлік КАМАЗ 65115-3081-50 КО-449-02 сатып алынды.
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: халықтың бір бөлігінің қызметтерін алуға, экологиялық қауіпсіздікке әсер етеді.
8. Абай ауданының Абай қаласында ҚТҚ полигонын салу (ОБ жоспары – 700 млн.теңге, ОБ фактісі – 0,8 млн. теңге). Жауапты-Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Абай ауданының әкімдігі.
Себебі: ЖСҚ әзірленбеген, полигон құрылысына қаражат 2024 жылға ауыстырылды. 2023 жылы мемлекеттік сараптама сомасы 0,8 млн. теңгені құрады (Абай ауданының әкімдігі әкімші болып табылады).
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: қауіпсіз экологияны қамтамасыз ету мерзімдерін ауыстыру.
 
 
9. Пестицидтерді залалсыздандыру (жоспар – 0,2 тонна, факт -0). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: 2023 жылы 018 "Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру" бағдарламасы бойынша көлемі аз болуына байланысты (122 кг) өнім берушілер болған жоқ. Бұл көлем 2024 жылы жойылады.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
10.   Мемлекеттік орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу (жоспар – 1145,4 млн.теңге, факт – 432 млн. теңге). Жауапты - табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Себебі: 2023 жылы 432 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: қауіпсіз экологияны қамтамасыз ету мәселесі, ормандардың көбеюі.
3-бағыт бойынша. Сапалы әлеуметтік сала және әлеуметтік кәсіпкерлік 
11. Үш ауысымды оқытуды, апатты мектептерді және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында мектептер салу: Бұқар Жырау ауданы ( ЖБ жоспар - 700,1 млн. теңге, ЖБ факт – 449,4 млн. теңге) себебі: Бұқар Жырау ауданының Атамекен ауылы (Новостройка) бойынша мектепке ИКИ жүргізуді кеш қаржыландыруға байланысты 250,7 млн. теңге игерілмеген, сондай-ақ мердігердің кестеден артта қалуы.
Қарқаралы ауданы ( ЖБ жоспары – 1273,6 млн. теңге, ЖБ фактісі – 461,6 млн. теңге) себебі: Қарқаралы ауданының Талды ауылы бойынша тексеру барысында ақаулар, жобалық шешімдерден ауытқулар және нормативтік құжаттар талаптарының бұзылуы анықталды, игерілмеген сома 812 млн. теңге.
Қарағанды қаласы бойынша (ЖБ жоспары – 1200 млн.теңге, ЖБ фактісі – 1182,3 млн. теңге) себебі: техникалық қадағалау актілерін ұсынбау салдарынан игерілмеген сома 17,6 млн. теңге. Жауапты - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: балалардың ыңғайлы жағдайда білім алу мерзімдерін ауыстыру.
12.  Жүкті әйелдерді ерте қамтуды қамтамасыз ету (12 аптаға дейін) (жоспар – 91%, факт – 88,9%). Жауапты - денсаулық сақтау басқармасы
Себебі: жүктілікті жүргізетін, бірақ тіркелген халқы жоқ ұйымдардың болуы есебінен ерте қамтуды қамтамасыз етуге қол жеткізілмейді.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: медициналық қызметтердің сапасын арттыруға әсер етті.
13. 1 триместрдегі жүкті әйелдерді пренатальды скринингпен қамтуды қамтамасыз ету (жоспар – 85%, факт – 75,5%). Жауапты - денсаулық сақтау басқармасы. 
Себебі: пренатальды скринингпен қамту жүктілікті жүргізетін, бірақ тіркелген халқы жоқ ұйымдардың есебінен жүргізіледі. Кеш келген кезде жүкті әйелдер скринингтік тексеруден өте алмайды.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейіне әсер етті.
14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (жоспар – 66%, факт – 42%). Жауапты - денсаулық сақтау басқармасы.
Себебі: резидентураға түскен резиденттер санының азаюына байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: медициналық қызметтердің сапасын арттыруға әсер етті.
15. Қашықтықтан қызмет көрсету санын көбейту (жоспар – 19562, факт – 159061). Жауапты - денсаулық сақтау басқармасы.
Себебі: қашықтықтан қызмет көрсету ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіледі. НҚА-ға сәйкес, қашықтықтан қызмет көрсетуден учаскелік дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің консультациясы шығарылды. Қашықтықтан консультацияны бейінді мамандар жүзеге асырады. Бұл көрсеткішке ауылдық аймақтар мен шағын қалаларда қол жеткізілмейді.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: медициналық қызметтерді алудың жеделдігіне әсер етті.
16. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету (жоспар – 93%, факт – 89,9%). Жауапты - денсаулық сақтау басқармасы.
Себебі: қаржы қаражатының болмауына, жабдықтың қымбаттауына байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: медициналық қызметтерді алудың жеделдігіне әсер етті.
17. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар санын ұлғайту (жоспар - 3650 іс-шара, ОБ - 73,3 млн.теңге, факт - 3635 іс-шара, ОБ - 70,6 млн. теңге). Жауапты - дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Себебі: өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралардың қысқаруына байланысты игеру 70,6 млн.теңге., ағымдағы жылы мәдениет және спорт бөлімдері жоспарланғаннан аз мөлшерде 3635 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізді.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың қамтылуына әсер етті.
18. Абай ауданының Топар кентінде 160 орындық ДШСК салу (РБ жоспар – 206,9 млн.теңге, ЖБ - 25,6 млн. теңге, РБ факт – 206,9 млн. теңге, ЖБ факт - 22,9 млн. теңге). Жауапты - дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Себебі: нысан 2024 жылға ауыстырылды, орындалған жұмыс көлемі - 75%.
ЖБ бойынша игерілмеу - 2,7 млн. теңге. ЖСҚ түзету жүргізілуіне байланысты жоба қымбаттады. Игерілмеген қаражат 2024 жылға қарастырылды
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: мерзімдердің ауысуы спортпен шұғылданатын халықтың қамтылуына әсер етті.
19. Тораңғалық кентінің, Шұбар-Түбек кентінің тазарту құрылыстары бар кәріз желілерін салу (Тораңғалық кәріз желілері - 13,4 км, Шұбар-Түбек кәріз желілері - 8,5 км, 54,4 га 3 буландырғыш тоған, КТС - 1160 текше метр/тәулік., 2495 текше метр) (РБ жоспары – 1250 млн.теңге, ЖБ -1000 млн. теңге, факт – 0). Жауапты - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: есепті кезеңде қаржыландыру көзделмеген. Балқаш қаласының әкімдігі жобаның болмауы себебінен бюджеттік өтінім ұсынбаған.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: Балқаш қаласы мен облыстың туристік әлеуетін дамытуға әсері
20. Торанғалық кенті, Шұбар-Түбек кенті су құбыры желілерінің құрылысы (425 белг. Тораңғалық кентіне дейін су құбыры - 30 км, Тораңғалық кентінен Шұбар-Түбек кентіне дейін су құбыры - 8 км, Тораңғалық су құбырының тарату желілері - 18,8 км, Шұбар-Түбек су құбырының тарату желілері - 12,2 км, 425 белг. резервуарлары, Тораңғалық кентінде резервуарлары бар НС - 120 текше м/сағ, резервуарлары бар 3 НС – 36 текше м/сағ) (РБ жоспары – 1000 млн.теңге, ЖБ -1000 млн. теңге, факт - 0). Жауапты - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: есепті кезеңде қаржыландыру көзделмеген. Балқаш қаласының әкімдігі жобаның болмауы себебінен бюджеттік өтінім ұсынбаған.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: Балқаш қаласы мен облыстың туристік әлеуетін дамытуға әсері.
 21. Бертіс шығанағының қалалық жағалауын абаттандыру (РБ жоспары – 800 млн.теңге, ЖБ - 479 млн. теңге, факт – 0). Жауапты - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: орындалмау себебі қаржыландырудың болмауы.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: Балқаш қаласы мен облыстың туристік әлеуетін дамытуға әсері.
6-бағыт бойынша. Өнеркәсіп, сауда және логистика – экономикалық тұрақтылық үштігі
22.   Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізу және E-HR базасына енгізу (жоспар – 100%, факт – 95%). Жауапты - еңбек инспекциясы басқармасы.
Себебі: ағымдағы жылы көрсеткіштің орындалуы - 95% (жоспар бойынша - 100%) құрады, себебі кәсіпорындар тізіміне қызметкерлермен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасалған шағын кәсіпорындардың қызметі, сондай-ақ жеке жұмыс берушісі бар кәсіпорындардың қызметі енгізілген.
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: әлеуметтік аударымдарға, салықтарға және қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыруға әсері.
23. 2025 жылға болат өндіру көлемін 4 млн. тоннаға дейін, мыс өндіру көлемін 200 мың тоннаға дейін ұлғайту (жоспар - 3,6 млн. тонна, факт - 3,2 млн. тонна). Жауапты - өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
Себебі: 2023 жылдың қорытындысы бойынша "Qarmet" АҚ болат өндіру көлемі 3,2 млн. тоннаны құрады. Металлургия комбинаты 2023 жыл бойы апаттылықтың жоғары болуына байланысты (кокс газ құбырының құлауы, агломерациядағы авария, фурмалардың құйылуымен №3 домна пешіндегі авария) және олармен байланысты жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты төмендетілген өндірістік параметрлерде жұмыс істеді. Мыс жоспары орындалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мыс өндіру көлемі 173 мың тонна жоспар бойынша 192,2 мың тоннаны құрады.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
8-бағыт бойынша. Қамтылған ауыл: кооперация, индустрияландыру және цифрландыру
24. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін шығаруды ұлғайту (жоспар -502668,4 млн.теңге, факт – 487236 млн. теңге). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: 2023 жылғы ауа-райының қолайсыздығына байланысты өңделген дақылдардың сапасы мен өнімділігі төмендеді. 26,9 мың га дәнді дақылдар, 224,8 га картоп және 283 га көкөніс есептен шығарылды.
Өнімділігі 6,8 ц/га (2022 жылы 9,7 ц/га), 652,9 мың тонна астық жиналды, бұл 2022 жылға қарағанда (2022 жылы - 854,7 мың тонна) 23,6%-ға (201,8 мың тонна) төмен, картоп 393,2 мың тонна, бұл 2022 жылға қарағанда(2022 жылы– 403,0 мың тонна) 9,8 мың тоннаға немесе 2,4%-ға аз, көкөніс 72,1 мың тонна, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (2022 жылы-102,3 мың тонна) 30,2 мың тоннаға немесе 29,5%-ға аз. Бұл, әрине, жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлеміне, сондай-ақ барлық өнімдерге әсер етті.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсері.     
25. "КАЗАК СТЕП ШЕП" ЖШС мал шаруашылығы (БҚ жоспар - 40 000 млн.теңге, БҚ факт – 600 млн. теңге). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: жоба 2026 жылға дейін сатылы (тік) іске асыру моделін қарастырады. Ет өңдеу комбинатын іске қосу үшін шикізат базасы қажет. Осыған байланысты жоба бойынша 34 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарлануда. Шағын және орта бизнестің жалпы саны 4000-нан асады, 10000 ірі қара малға 11 мал фермасы салынды, 20 ұңғыма бұрғыланды, күн панельдері, шабандарға арналған жылжымалы үйлер орнатылды, тағы 4000 ірі қара мал сатып алу жоспарлануда. Жобалық қуаттылыққа 34 000 басқа дейін шыққан кезде жылына 420 тоннаға дейін ұсақ малды қайта өңдеу бойынша ет өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Салынған инвестициялардың жалпы сомасы 600 млн. теңгеден асады.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпал ету: мал шаруашылығында өсу тиімділігінің мерзімдері ауыстырылды.
26. Бір сауын сиырға орташа сүт сауу (барлық санаттарда) (жоспар – 2426 кг, факт – 2371 кг). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: Абай сиырларының аналық басының 0,4%-ға, Қарқаралы 0,4%-ға, Нұра 3,4%-ға және Осакаров сиырларының аналық басының 0,3%-ға азаюына байланысты.
Аймақтағы, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
27. Субсидияланған су көлемі (жоспар – 41,8 млн. м3, факт – 38,8 млн. м3). Жауапты-ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: су жеткізушілер санының азаюы.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
28. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданын ұлғайту (жоспар – 1263,5 мың тонна, факт – 1228 мың тонна). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: жем-шөп алқаптарының 6,2 мың гектарға, майлы дақылдардың 28,8 мың гектарға азаюы есебінен.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері. 
29. Субсидияланған тұқым көлемін ұлғайту (жоспар – 10902,7 мың тонна, факт – 4351,1 мың тонна). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: тұқым көлемінің азаюына байланысты.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері. 
30. Жеке қосалқы шаруашылықтардың саяжай учаскелерінде алманың жалпы жиналуы (жоспар – 101,5 га, факт – 84,1 га). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: облыста алма өсірумен жеке қосалқы шаруашылықтар (жазғы тұрғындар) айналысады
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына, өнімдермен қамтамасыз етілуіне әсері.
       31. Мал басының өсуі: оның ішінде
ІҚМ (жоспар – 492 мың бас, факт – 486,4 мың бас) себебі: жемшөптің қымбаттауына байланысты. Жалпы 2024 жылғы 24-аш есебі бойынша 2023 жылға пайызбен 101,8%,
қой мен ешкі (жоспар – 775,5 мың бас, факт – 764,9 мың бас) себебі: жемшөптің қымбаттауына байланысты. Жалпы 2024 жылғы 24-аш есебі бойынша 2023 жылға пайызбен 103,8%, 
құстардың (жоспар – 3854,6 мың бас, факт – 3432,9 мың бас) себебі: жемшөптің қымбаттауына байланысты. Жалпы, 2024 жылғы 24-аш есебі бойынша 2023 жылға пайызбен 95,3% құрайды.
Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
32. Аквамәдениет (балық аулау), сондай-ақ асыл тұқымды балық аулау сапасының өнімділігін субсидиялау және арттыру (жоспар туралы – 350 млн.теңге, факт туралы-15,04 млн. теңге). Жауапты - табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Себебі: өтінімдердің болмауына байланысты 15,04 млн. теңге игерілмеген. 16 өтінім мақұлданды.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
33. Тұрақты (жоспар – 2000, факт – 2084), маусымдық (жоспар – 6712, факт – 738) жұмыс орындарын құру. жауапты – ауыл шаруашылығы басқармасы. 
Себебі: егін жинау жылының нашар болуына байланысты маусымдық жұмысшылар аз мөлшерде тартылды.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
34.  Берілген микрокредиттер саны (жоспар – 603, факт – 456). Жауапты - ауыл шаруашылығы басқармасы.
Себебі: 3,4 млрд. теңге сомасына 456 микрокредит берілді, 580 жұмыс орны құрылды. 1 млрд.169,5 млн. теңге сомасына 62 ӘКК және 2 млрд. 270,5 млн. теңге сомасына 394 ЖҚШ кредит алды. Берілетін микрокредиттер санының төмендеуіне ӘКК жобаларына кредит беру "Ауыл аманаты" жобасындағы басым бағыт болуы әсер етті. Көп жағдайда ірі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобалары қарастырылды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: саланың даму қарқынына әсері.
9-бағыт. Халықтың шоғырлануы – дамудың қажетті шарты
35. "Дипломмен ауылға" жобасы - бюджеттік кредиттер (РБ жоспар – 983,3 млн.теңге, РБ факт – 871,3 млн. теңге). Жауапты - экономика басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері.
Себебі: 2023 жылы "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша 871,3 (жоспар 983,3) млн. теңге 171 (жоспар 190) маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер төленді, игеру 88,6%. 111 993 мың теңге игерілмеген, оның ішінде 98 325 мың теңге, өтініш берушілердің болмауы (тұрғын үй құнының жоғары болуына байланысты) және өтініш берушілер құжаттарының әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 18-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі (әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады), 13 668 мың теңге тұрғын үйді бағалау актісі бойынша үнемдеу, 352 маманға 121,4 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленді немесе 100%.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: тұрғын үй сатып алу үшін мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі пайдаланылмаған, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген.
36. Табиғи монополиялар субъектілерінің бюджеттен тыс қаражат есебінен үйге ортақ жылуды есепке алу аспаптарын (ҮЖЕА) орнатуы (жоспар - 64,5%, факт -62,5%). Жауапты - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: облыс бойынша орнату (ҮЖЕА) қажеттілігі 5 074 КПТҮ-де 5752 дана құрайды. 2 932 КПТҮ-де 3 593 дана ҮЖЕА орнатылды.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы есепке әсер етеді және тұтынушылар үшін тарифтерге әсер етеді.
37. Табиғи монополиялар субъектілерінің бюджеттен тыс қаражат есебінен үйге ортақ суды есепке алу аспаптарын (ҮСЕА) орнатуы (жоспар – 39,2%, факт - 32,3%). Жауапты - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Себебі: үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнату қажеттілігі 3 475 КПТҮ-де 3 475 дананы құрайды.
2022 жылы 1 121 КПТҮ-де 1 121 дана ҮСЕА орнатылды. ҮСЕА орнатуды көрсетілетін қызметті берушілер қайтарымды негізде қарыз қаражаты есебінен жүргізеді, алайда 2023 жылы көрсетілетін қызметті берушілер ҮСЕА сатып алған жоқ.
Өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері: сапалы есепке әсер етеді және тұтынушылар үшін тарифтерге әсер етеді.
       
4.  Жоспарланғандардан ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі)
 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (2022 жылғы 29 қарашадағы №467/НҚ) Қарағанды облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 182 түрі және 163 кіші түрі көрсетіледі. 2023 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары 16 615 122 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2023 жыл ішінде облыс бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жүргізілген бақылау іс – шараларының жалпы саны - 235. Бақылау іс – шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар саны - 92. Жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 702 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 149 767 адам қамтылды. 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша жүргізілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы бойынша 2023 жылы Қарағанды облысы қанағаттану деңгейі бойынша 20 Облыстың ішінде 5-орынға ие болды (4.77 балл немесе 81,4%) (2022 жылы - 3-орын, 4.58 балл немесе 77.1%).
 
5. мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер
Облыстық бюджетті жоспарлау мен орындаудың, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың; Қарағанды облысының 2022 жылға арналған даму жоспарын іске асырудың сараптамалық-талдамалық іс-шарасы және мемлекеттік аудиті өткізілді.
Қарағанды облысының даму жоспарын іске асыру бөлігінде тексеру комиссиясының ұсынымдары стратегиялық құжаттарды орындаудың тиімділігі мен тиімділігін арттыру үшін көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне жүйелі мониторингті жүзеге асыру және уақтылы шаралар қабылдау қажет болды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейтін нысаналы индикаторлардың болуы атап өтілді.
 
6. Тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы 
 Қазіргі уақытта облыста қабылданып жатқан шаралар жалпы жоспарланған іс-шараларды іске асыруды және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Алайда, облыстың даму жоспарына енгізілген нысаналы индикаторларды талдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейтін немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты іске асырылуы мүмкін емес көрсеткіштердің декомпозицияланғанын көрсетті (Цифрлық форматқа аударылған оқулықтардың үлесі, Интернетпен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының үлесі ішкі контент үшін (Қазақстан ішінде) 100 мб/с және сыртқы контент үшін 8 мб/с төмен емес, ішкі контент үшін (Қазақстан ішінде) 100 мб/с төмен емес және сыртқы контент үшін 20 мб/с және т. б.).
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мүдделі ОМО-мен бірлесіп, ресми статистикалық ақпарат жоқ индикаторлар бойынша есеп айырысу әдістемелерін, сондай-ақ ЖАО үшін ақпарат көздері мен мерзімдерін көрсете отырып пысықтау ұсынылады.
Бюрократиядан арылту және орталықсыздандыру, жауапкершілікті күшейту және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту шеңберінде қалалар мен аудандар деңгейінде аумақтарды дамыту жоспарларын қайтаруды ұсынамыз.
Көрсеткіштерді аумақтарды дамыту жоспарларына енгізу жөніндегі тапсырмалардың жиілеп кетуіне байланысты нысаналы индикаторларды енгізудің нақты тәртібі мен тізбесін айқындауды сұраймыз.
 
 
Қарағанды облысының әкімі                                                                Е. Бөлекпаев
 
Қарағанды облысы 
экономика басқармасының басшысы                                                   Т. Аблаева

 

Дата публикации
28 февраля 2024