2024 жылғы 1 ақпанда Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Айешовтың төрағалығымен «zoom» режимінде облыстық басқармалар басшыларының және облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Қызметтен тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдаланудың жиілеп кеткен жағдайлары бойынша жүргізілген талдауға сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілерге қызметтік көлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін орындау үшін пайдалану тапсырылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау (атқарушылық және еңбек тәртібі, моральдық-этикалық нормаларды сақтау және т.б.) және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тапсырмалар берілді.