«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 93-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу мен бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың бекіту туралы 3 тарауына сәйкес нәтижелер көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
аталған бұйрыққа 1, 3, 4, 5 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Е. Галиев