«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1000 сайлаушыға дейін - 200 мың теңге;
1 001-ден 3 000-ға дейін сайлаушы - 220 мың теңге;
3 001 - ден астам сайлаушы - 250 мың теңге,
1-3 қосымшаларға сәйкес.
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Қ. Нүркенов
Облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А. Ақпанова
2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2/2
шешімге
1 Қосымша
Сайлаушылар саны 1000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 90 000 (тоқсан мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен TV және радиода 10 минут баяндауға - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
3) үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
4) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
5) көліктік шығыстарға - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.
Анықтама: Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен баяндауға қаражат бөлудің тең көлеміне кепілдік береді: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - он бес минут; радиода - он минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаланы жариялау үшін 0,1 баспа парағынан аспайды.
Баспа парағы деп форматы 60x90 см, ауданы 5400 см2 қағаз парағын түсіну керек. 0,1 баспа парағының көлемі 540 см2 ауданына тең, бұл А-2 форматындағы газет жолағының 1/4 бөлігін құрайды.
2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2/2
шешімге
2 Қосымша
Сайлаушылар саны 1001-ден 3000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 90 000 (тоқсан мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен TV және радиода 10 минут баяндауға - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
3) үгіт материалдарын шығару - 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;
4) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
5) көліктік шығыстарға - 40 000 (қырық мың) теңге сомасында.
2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2/2
шешімге
3 Қосымша
Сайлаушылар саны 3001 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 90 000 (тоқсан мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен TV және радиода 10 минут баяндауға - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;
3) үгіт материалдарын шығару - 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;
4) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
5) көліктік шығыстарға - 50 000 (елу мың) теңге сомасында.