Қарағанды қаласының әкімдігінде семинар

2023 жылы 11 желтоқсанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі     Қ.С.Бекімова Қарағанды қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшылық құрамымен және мемлекеттік органдардың басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бақылауды күшейту бөлігінде семинар өткізді.

Сонымен қоса әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Дата публикации
12 декабря 2023