Теміртау қаласының әкімдігінде семинар өтті

2023 жылы 30 қарашада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі     Қ.С.Бекімова Теміртау қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшылық құрамымен және мемлекеттік органдардың басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бақылауды күшейту бөлігінде семинар өткізілді.

Сонымен қоса, әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2023