Біздің облыс өкілдері Астанадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ базасында отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша практикалық семинар-тренингке қатысты.
Тренингке Алматы қаласы мен Жетісу, Ұлытау және Жамбыл облыстарының өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушы Qoldau қоғамдық бірлестік болды.
Қатысушылар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, әкімдіктердің өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен құқық қорғау органдарының мамандары, балаларды қолдау орталықтары мен дағдарыс орталықтарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар болды.
Білім алушылар басқа облыстардың әріптестерімен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, отбасын қолдау орталықтары қызметінің тұжырымдамасын талқылады, Астана қаласының «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмыс моделімен танысты.
Көзқарастарындағы айырмашылықтарға қарамастан, семинарға қатысушылар отбасыларды қолайсыз жағдайдан шығару бойынша тиімді жұмыс істеу үшін отбасыларды ерте анықтау, оларға қолдау және сүйемелдеу бойынша кешенді көмек көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл қажет деген ортақ пікірге келді.


