2023 жылғы 1 желтоқсанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысты. Бес сұрақ қаралды. Сыйлықақыны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын талдау нәтижелері; еңбек демалыстарын беру және іссапар шығындарын төлеу кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын талдау нәтижелері және басқа да мәселелер тыңдалды.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде алғаш рет Әдеп жөніндегі кеңеске атқарылған жұмыс туралы есеп бердім.


