2023 жылы 23 қарашада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Шахтинск қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшылық құрамымен және мемлекеттік органдардың басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бақылауды күшейту бөлігінде семинар өткізілді.
Сонымен қоса әкім аппаратының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
