Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасындағы этикалық семинар
2023 жылы 20 қарашада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында семинар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар, ұсынымдар талқыланды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.
