2023 жылғы 17 қарашада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының ветеринария басқармасында және Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары, қызметтік әдеп стандарттары талқыланды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.
