Заключение о результатах операционной оценки качества оказания государственных услуг, предоставляемых местными исполнительными органами

Жергілікті атқарушы органдар

 көрсететін мемлекеттік қызметтердің

сапасын операциялық бағалау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қарағанды облысының әкімдігі

2022 жыл

  (есеп беру кезеңі) 

р/с №

Операциялық бағалау критерийлері

Балл

Ең жоғарғы балл

1

Көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

31,94

40

1.1

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

12

20

1.2

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану

19,94

20

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету

58,93

60

2.1

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау

13,08

14

2.2

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту

17,89

18

2.3

Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету

13,97

14

2.4

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету

13,99

14

Критерийлер бойынша жалпы бағалау

90,87

100

Айыппұл баллдарын шегеру

0

5

Айыппұл баллдарын шегеру есебімен алғандағы қорытынды балл

90,87

100

 

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша Қарағанды облысының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) қызметінің тиімділігін операциялық бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі №66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің (бұдан әрі – ЦДИАӨМ)  2021 жылғы 19 сәуірдегі №138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі №4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №133 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22599 болып тіркелді.

Әкімдіктің мемлекеттік бақылау шеңберінде ұсынылған ақпаратына, сондай-ақ ЦДИАӨМ-нің мәліметтеріне сәйкес бағаланатын кезеңде барлығы 18 562 110  (оның ішінде мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде – 51 085, электронды түрде – 18 420 970 («электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 314 413, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 18 106 557), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 90 055).

 

Бағалау критерийлері бойынша қызмет тиімділігін талдау:

 

  1. «Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы» критерийі бойынша

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша:

2022 жылы «Жаңа шабыт» ҚБ Агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Әлеуметтік зерттеу барысында мемлекеттік қызметтің 415 түрі бойынша 32 мыңнан астам респонденттен жауап алынды. 

Қоғамдық мониторинг көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өзекті мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілді.   

Әлеуметтік зерттеу Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша жүргізілді.

Жалпы, әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануының төмен деңгейін – 4,48 балл көрсетті, толық қанағаттанған респонденттердің үлесі – 67,9%.

Қоғамдық мониторингке неғұрлым бұқаралық және әлеуметтік маңызы бар қызметтердің, сондай-ақ қызмет алушылардан шағымдар көп түсетін қызметтердің енгізілуіне байланысты алдыңғы бағаланатын кезеңмен салыстырғанда Әкімдік қызметтеріне қанағаттану деңгейінің төмендегені байқалады (2021 жылы – 4,89 балл).

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 12 балл (ықтимал 20 баллдан) құрады.

 

 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану» көрсеткіші бойынша:

Әкімдіктің есепті деректеріне сәйкес бағаланатын кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2 дәлелденген шағым келіп түсті («Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының өтініші, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі бойынша С.Ф.Хованскаяның өтініші).

Сонымен қатар, Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне бағаланатын кезеңде Әкімдіктің мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қызмет алушылардан 5 дәлелденген шағым түсті («Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша А.О.Мухиннің, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша К.А.Флатоның, «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша Г.М.Атханованың, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша Е.Н.Новикованың өтініштері).

Жалпы, Әкімдік қызметінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына деген наразылықты болдырмау және оны азайту бойынша жұмыс тиімділігінің артқаны байқалады (2021 жылы 9 шағым, 2022 жылы 6 шағым түскен).

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 19,94 баллды (ықтимал 20 баллдан) құрады.

 

«Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы» критерийі бойынша бағалаудың жалпы нәтижесі 31,94 баллды (ықтимал 40 баллдан) құрады.

 

  1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету» критерийі бойынша

«Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау» көрсеткіші бойынша:

Әкімдіктің есепті деректеріне сәйкес бағаланатын кезеңде мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілмеуіне 75 рет жол берілген (соның ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша (12), «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша (8), «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша (7), «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша (6), «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша (5), «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша (5), «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша (3), «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша (1)).

Анықтама: әкімдіктің 75 бұзушылығының ішінде 30 дерек Департаменттің есебінде қайталанады, осылайша әкімдіктің 45 бұзушылық дерегі бағалауға жатады.

Сонымен қатар, Агенттіктің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаментінің бақылау іс-шаралары аясында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың 77 дерегі анықталды (соның ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша (22), «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша (12), «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша (11), «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметі бойынша (10), «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша (4), «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша (4)).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден мерзімін бұзып бас тарту деректері тіркелмеген.

Рұқсаттарды беру мерзімдерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа Әкімдіктің 12 лауазымды тұлғасы (Токмурзин Б.М., Садвакасов С.Б., Курмашев А.К., Данекеева Ж.Н., Нурмаганбетова М.А., Кисраунов Е.Д., Есназаров Б.К.,
Арынов А.А.,  Ибраев Ж.Ж., Балмағамбет С.Ж., Таран А.Т., Муханалиева З.К.)
тартылып, оларға 490 080 теңге сомасына айыппұл салынды.

Осылайша, бұл көрсеткішті бағалау кезінде Әкімдік жол берген қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың 122 дерегі ескерілді.

2021 жылы Әкімдік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың 175 дерегіне жол берсе, 2022 жылы мерзімдерді бұзудың саны 122-ге дейін азайған. Бұл ретте алдыңғы бағаланатын кезеңмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 288,09%-ға ұлғайған (2021 жылы 6 443 031 мемқызмет көрсетілген).

«Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 13,08 балл құрады (ықтимал 14 баллдан).

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту» көрсеткіші бойынша:

Агенттіктің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаментінің бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша негізсіз бас тартудың 11 дерегі анықталған (Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша (1), Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша (10).

Рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабының 2-бөлігіне сәйкес 1 лауазымды тұлға (Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Т.Мамытова) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 45 945 теңге сомасында айыппұл салынды.

 «Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 17,89 балл құраған (ықтимал 18 балдан).

 

«Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету» көрсеткіші бойынша:

Агенттіктің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерде көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда қызмет көрсетудің 4 дерегі («Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі бойынша Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде (4)) анықталған.

«Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 13,97 балл (ықтимал 14 баллдан) құрады.

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіші бойынша:

Агенттіктің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаментінің бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің 1 дерегі («Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде (1))  анықталған.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 13,99 балл құраған (ықтимал 14 баллдан).

Осылайша, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету» критерийі бойынша бағалаудың жалпы нәтижесі 58,93 балл құрады (ықтимал 60 баллдан).

 

***

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігін операциялық бағалаудың жалпы нәтижесі 90,87 балл (ықтимал 100 баллдан) құрады.

2021 жылмен салыстырғанда (қорытынды балл – 95,84) бағалау көрсеткішінің 4,97 баллға төмендегені байқалады.   

 

Қорытындылар мен ұсыныстар:

Бірінші. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің жоғарылығы.

Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингінің нәтижелері барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтері арасында халық арасында қанағаттанушылықтың жоғары деңгейін (4,48 балл) көрсетті.

Ұсыным:

  • мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары тұрақты негізде тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттырсын.

 

Екінші. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама

талаптарын бұзудың алдын алу және ескерту шаралары тиімділігінің төмендігі.

Әкімдіктің соңғы 2 жылдағы қызметін талдау бұзушылықтарға жол берудің алдын алу және ескерту шараларының тиімсіздігін көрсетеді.

Мәселен, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту деректерінің артуы (3-тен 11-ге дейін), құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қызмет көрсету (0-ден 4-ке дейін), қажеті жоқ құжаттарды талап ету (0-ден 1-ге дейін) бөлігінде динамика байқалады.

Дегенмен, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу деректерінің азайғаны байқалады (175-тен 122-ге дейін).

 

Ұсынымдар:

  • мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың нормаларын түсіндіру бойынша шаралар қабылдансын;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды бақылауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылдансын.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары

 

 

 

____________

(қолы)                                       

 

 

________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауға және бақылауға жауапты басшысы

 

 

 

 

____________

(қолы)                                       

 

 

 

 

________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

 

20 _жылғы «____» _____

 

 

 

Дата публикации
17 ноября 2023