2023 жылдың 15 қарашада Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Абай ауданы әкімінің аппаратында семинар өткізді. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен әдеп қағидаттарын, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді. Семинарға Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Ж. Қайролла қатысты.

