«Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу ерекшелігі» тақырыбы бойынша оқыту семинары

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы алдағы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін пилоттық сайлауға дайындық шеңберінде Қарағанды облысының Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастырды.

Оқыту семинарының негізгі мақсаты аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруін өткізудің ұйымдастырушылық ерекшеліктері мен тәртібін түсіндіру болып табылады.

Оқу барысында «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді, онда оқытуға қатысушылардың назарына кейстік тапсырмалар ұсынылды, онда дауыс беру күні туындауы мүмкін стандартты емес жағдайлар жасалынып және оларды шешу тәсілі бойынша құзыретті түсініктемелер берілді. Оқытуда сондай-ақ сайлау үрдісінде қатысушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, сайлау үрдісіндегі құқықтық жауапкершілік және сайлау құжаттарын дұрыс ресімдеу мәселелері қамтылды.

Каскадты оқыту әдісіне сәйкес оқыту семинарына қатысқан төрағалар мен олардың орынбасарлары, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін оқытуды жалғастырады.

 

Дата публикации
29 октября 2023