Бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп күні туралы талдамалық анықтама

Бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп күні туралы талдамалық анықтама

 

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін жыл сайын бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың есептік кездесуі өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу мәселелерін талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы                                       25 мамырдағы № 53 бұйрығына сәйкес аталған іс-шара қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға сәйкес орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау органдары болып табылады.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты құқық қорғау органдары жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда ғана бақылау немесе қадағалау іс-шараларын жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттің басты міндеттерінің бірі кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту үшін қолайлы климат құру болып табылады. Мұндағы маңызды мәселе бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады, оған бақылау-қадағалау органдарының қызметі де ықпал етуі тиіс.

«Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес аталған кезеңде облыстың бақылау-қадағалау органдары 2226 (8 ай) тіркеді. 2022ж.-5947 3721 төмендету) тексерулер мен профилактикалық бақылау, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – ЖКС) қатысты 1450 (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты – 658 (2022-1162), оның ішінде шағын кәсіпкерлікке қатысты – 266 (2022-675), орта кәсіпкерлікке қатысты-259 (2022-393), ірі кәсіпкерлік - 267 (2022-241).

2023 жылы (1674 – ке төмендеу) ЖКС–ға қатысты 122 (2022ж. – 1796 профилактикалық бақылау тіркелді, (оның ішінде шағын кәсіпкерлік – 6 (2022-1162), оның ішінде шағын кәсіпкерлік – 6 (2022-675); орта кәсіпкерлік-27 (2022-393), ірі-83 (2022-241).

            Осыған байланысты ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте Қарағанды облысында кезекті Бірыңғай есеп күні өтті. Биылғы жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салық заңнамасын және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мәселелері айтылды.

Іс-шараға облыстық прокуратура, полиция, құқықтық статистика, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдіктері, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері қатысты.

 

Дата публикации
11 октября 2023