2023 жылғы 29 қыркүйекте Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

2023 жылғы 29 қыркүйекте Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

 Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы полиция департаментінің «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығында» ерекше форматта өтті.

Отбасын жоспарлау, ажырасудың алдын алу, балалар мен жастарға гендерлік білім беру, халықтың репродуктивті денсаулығы мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Г.Р.Сәтбаева-Алпысбаева өз жұмысын ағымдағы жылдың тамыз айынан бастаған және 232 келушіге қызмет көрсеткен «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы» туралы айтып берді.

Әлеуметтанушы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы Т. А. Резвушкина комиссия мүшелерін отбасын жоспарлау, некені төмендету және ажырасудың алдын алу мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Отбасын қолдау орталықтарының қызметі бойынша ұсыныстар берілді.

«Сенімен болашақ» ҚҚ басшысы И.Ж. Токмурзина қордың әкелерді отбасы институтын нығайтуға тарту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Облыстық клиникалық аурухана директорының орынбасары Р.Ф. Гатин отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығының жұмысымен таныстырды.

Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы Комиссия мүшелері: М.В.Шиллер («Өмір сыйла» жобасы), З.Х.Шалабаева «Клуб добряков» жобасы), Г.А. Жәңгірова ("Саналы ұрпақ" жобасы) айтып берді.  

Талқылауға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тілешев белсенді қатысты.

 

Дата публикации
06 октября 2023