2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің пилоттық сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында инспекциялық сапармен Қарағанды облысына барды. Аймаққа сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты.
2 қазанда Нұрлан Әбдіров Осакаров ауданында Пионер және Есіл ауылдық округтерінде болып, сайланған әкімдермен және тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында ол ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау мәселелеріне жан-жақты тоқталды. ОСК басшысының сұрағына жауап бере отырып, тұрғындар ауыл әкімінің әлеуметтік-психологиялық портретін жасады. Олардың пікірінше, әкімнің тиісті жоғары білімі болуы және жауапты болуы, сол ауылдың тумасы болуы және ауыл мен аймақтың проблемаларын іштен білуге тиіс. Екі ауылдың тұрғындары өздері сайлаған әкімдердің қызметіне оң баға беріп, ауыл әкімдерінің сайлауын енгізуді дұрыс саяси шешім деп санайтындықтарын білдірді.
Содан кейін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Н. Әбдіров жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, ішкі істер органдарының басшыларының, Осакаров ауданының сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Онда аудан әкімінің алдағы сайлауына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерді тыңдады.
Кеңес барысында Нұрлан Әбдіров әкімдікке және аумақтық сайлау комиссияларына сайлау науқанын толық ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды және кандидаттарға үгіт-насихат жұмысы үшін, оның ішінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін қажетті орындар санын беру арқылы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
ҚР ОСК Төрағасының аймаққа сапары Осакаров ауданының сайлау комиссияларының 226 мүшесін каскадты әдіс бойынша оқытуға қатысумен аяқталды.



