ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қарағанды қаласына іс-сапары

Қарағанды облысына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен келді.Өңірге келген ОСК төрағасы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерімен кездесіп, оларды сайлау жүйесіндегі бірқатар өзгерістермен таныстырды.Шараға барысында Нұрлан Әбдіров бірнеше жыл қатарынан Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетовке Құрмет грамотасын табыстады.

Сонымен қатар Нұрлан Мәжитұлы бірнеше аудандардан келген жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті.Басқосу барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ауыл әкімдерінің қызметіндегі өзекті проблемаларын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Н.Әбдіровтың Қарағанды облысына іссапары Ақтоғай және Осакаров ауданында жалғасты.

Дата публикации
02 октября 2023