Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 64 шешіммен 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдерін сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын кандидаттың шығыстарының мөлшері бекітілді
1) бағдарламамен теледидар, радио арқылы сөз сөйлеу және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге сомасында;
2) үгіт материалдарын шығару – 180 000 (жүз сексен мың) теңге сомасында;
3) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу – 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;
4) көлік шығындары – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында.