Қарағанды облыстық сайлау комиссиясында саяси партия өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде төраға Қайрат Нүркенов пен төрағаның орынбасары Сандуғаш Асылбекова қалалар мен аудандар әкімдеріне кандидаттарды ұсыну, тіркеу мәселелеріне тоқталды.
Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты - облыс қалалары мен аудандарының әкімдерін тікелей сайлауды өткізу бөлігінде сайлау заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бейнеконференция режимінде басқосуға пилоттық өңірлердің - Приозерск қаласының, Ақтоғай және Оскар аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары да қосылды.
Айта кету керек, әкімге кандидатты ұсыну белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялармен, өз мүшелерінің арасынан азаматтармен, өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат болып сайлану ниеті туралы өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкіммен жүргізіледі.
Саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.
Кездесу барысында қатысушылар мен БАҚ өкілдері сайлау комиссиясының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.




