2023 жылы 4 қыркүйекте облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С. Бекімова Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар, ұсынымдар талқыланды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.